Тың дерек: Кәрім Мәсімовпен бірге кімдер ұсталғаны белгілі болды

Кәрім Мәсімов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті  Кәрім Мәсімовтың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты деп жазды sputnik.kz.

Қазіргі кезде комитеттің бұрынғы төрағасы мемлекетке опасыздық жасау әрекеті бойынша жауапқа тартылып жатыр.

“Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды”, – делінген ресми хабарламада.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Мәсімовтен бөлек ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары – “А” арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А.Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды.

Бүгінгі жаңалықтар