"Темірқазық": Қасым-Жомарт Тоқаевқа ән арналды (ВИДЕО)

Темірқазық

Балтабек Нұрғалиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап ән шығарды. Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына арнаған жырларымен көпке белгілі бола бастаған болатын.

«Бұл ән – Тәуелсіздікке қауіп төнгенде, оны отқа орандырмай қорғап қалған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына арналады» деп жазды Балтабек Нұрғалиев фейсбук парақшасында.

"Темірқазық" әні
Жүрегіміз лүпілдеп соғады,
Бəрі жақсы болады, болады.
Басымызға бір бақыт қонады!
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!
Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз.
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!
Кемел əке болыпты ел ері,
Әкеңіздің дарыпты өнері!
Елбасының сенімді серігі,
Темірқазық, жол көрсет, Темірқазық!
Қайырмасы:
Сізге шын ереміз,
Сізге шын сенеміз.
Алдағы болашақ өмір жарық!
Үміті елдің де,
Үміті жердің де,
Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Өзіңіз Темірқазық!
Темірқазық!
Құрметпен, ән авторы Балтабек Нұрғалиев
Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888