«Арманды аямай сабады» Қайрат Құдайберген «Дикий Арманмен» арада болған жағдайларды ашық айтты (Видео)

Қайрат Құдайберген

Алматы қаласының Мәслихат депутаты әрі қоғам белсендісі Қайрат Құдайберген  «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен жаппай тәртіпсіздік кезінде бірге болғанын, сол күні қандай жағдай болғанын өзінің Instagram-дағы парақшасында айтып берді.

«Қазақтың жақсы сөзі бар: «Ақты ақ, қараны қара деген ұтады».

Осыдан 5 күн бұрын құқық қорғау органдары елде аты шулы Арман Жумагельдиевті (лақап аты «Дикий Арман) қамауға алды.

Арман туралы бұрын естігенмін, инстаграмда да парақшасы «рекомендованные»-дан жиі шығып тұратын,  бірақ онымен таныс болмадым.

6 қаңтар күні күндіз Арманмен бірінші рет тәуелсіздік алаңында кездестік және бірге тұрып адамдарды сабырлыққа, провокацияларға берілмеуге шақырдық. Ол адамдарды тек бейбітшілік митингке, үкіметпен сөйлесуге шақырды. Бірақ провокаторлар пайда болып оны алаңнан басқа жағына алып кетті, мен тұрған орнымда қалдым. Қасыма елдің ішінде жүрген бірнеше жігіттер келіп: «Аға, мына жердегі провокаторлар сізді өлтіріп кетуі мүмкін сізді көлігіңізге дейін шығарып салайық» деді. Оларға мың да бір рахмет!

Мен үйге барып, киім ауыстырып алаңға қайта шықтым. Интернет жоқ. Уатсап істемейді. Бауырларыма қоңырау шалып дружиныға 70-тен аса жігіттерді жинадым, оларға @azamat.ospanov.k бауырымның тепсе темір үзетін 30 дай спортсмен достары  қосылды. Оны естіген Арман бауырымыз жақсылықта басымыз бір болсын деп өзінің жүзден астам жігіттерімен келді.

Осы 200ден астам  батырлармен, митингте жүрген адамдардың беттерін бұру үшін, қайта алаңға шықтық.

Алаңда адамдарды сабырлыққа, мейірімділікке, бейбітшілікке шақырған кезде, провокаторлар Арманға бутылка, таяқ, тас лақтыра бастады. Мені таныған ел өзі басқа жаққа алып кетті, ал Арманды аямай сабады, біреу арттан келіп таспен басын жарды.

Одан кейін Арманның жігіттері (оның арасында біздің де еріктілер бар) емханаларды қорғауға алды, тегін азық-түлік таратты, мародерлерді ұстады.
Арманның қандай қылмыстар жасағанын мен білмеймін, бірақ бұл ситуацияда өзін ер жағынан көрсетті.

Бұл жазбаны шығармай тұрып маған көп адам хабарласып, сен депутатсың ғой, ал Арман «криминальный авторитет», қазір сен оның ОПГсында барсың деп өзіңді де жала жабады, онымен сөйлесе бер ме, деп маған ақыл айтқан.

Бірақ қазағым «Жақсының жақсылығын айт, мейірі тассын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын» деп бекер айтпаған. Сол себептен көргенді ешбір қорықпай және саясатты қоспай ашық айтып отырмын!

Намысты, жігерлі қазақтың батырлары көп болғай!» деді Қайрат Құдайберген

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Қайрат Құдайберген (@kudaibergen_kairat)