«Жүрек тебірентерлік!» Ақтөбе қаласы әкімінің әрекеті ереуілге шыққандарды тәнті етті (Видео)

Ақтөбе

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың желіде тараған видеосы халықтың көңілінен шығуда.

Қала әкімі ереуілге шыққан халықтың алдына шығып сөз сөйлеп жатқан сәтте мешіттен азан дауысы естіледі. Әкім сөйлеп жатқан сөзін тоқтатып, азан дауысын бөлмейді. Азан айтылып болған сәтте дұға жасап болып, сөзін ары қарай жалғайды.

Әкімнің осы әрекеті алаңға жиылғандардың да, желі оқырмандарының да ризашылығын тудырады.

Әлеуметтік желілерде «Жылағым келіп кетті!», «Батырдың аты, батыр ғой қашанда. Жарайсың Асхат!», «Қандай қарапайым еді», «Міне азамат біздің әкім. Алланың нұры жаусын» деген сипаттағы түрлі пікірлер жазылып жатыр.