«Бір үйден 3 адам» Талдықорғандағы жаға ұстатарлық оқиға (Видео)

Алматы

Алматы облысында бес адам оққа ұшып қайтыс болды. Көз жұмғандардың ішінде 52 жастағы Нұрболат Сейтқұловтың өзі, әйелі және жалғыз қыздары болған. Олар көшеде көліктеріне атылған оқтан қаза болған деп жазды qazbrand.info порталы.

Әулеттің отағасы мен әйелі және 15 жастағы жалғыз қызы қонақтан келе жатқан. Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева, Нұрай Оразақынның денесін туыстары кеше жер қойнына тапсырды.

Қайғыдан қан жұтқан жақындары оқтың көп атылғаны сонша мүрденің өзін тану қиынға соқты дейді.

Қара жамылған отбасының туыстарына қайғыра көңіл айтамыз!