Алматыда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан ғимараттан прокуратура қызметкерлерін құтқарып, эвакуациялады. Бірақ содырлар өрт сөндірушілерді ғимаратқа қамап, қайтадан өртеген. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Жағдай 5 қаңтар күні сағат 14.30 шамасында болған.
Өрт сөндірушілер 27 адамды құтқарып, 35-ін эвакуациялады. Апаттық құтқару жұмысы аяқталған соң, бүлікшілер өрт сөндірушілерді соққыға жығып, өздерін сол ғимараттың ішіне қамап, ғимаратты қайта жағып жіберді. Қамалған өрт сөндірушілер іштегі өртті сөндіріп, сыртқа шықты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram