“Дикий Арман” қанша уақыт отыратыны белгілі болды: “Бұлтартпау шарасын санкциялады”

Дикий Арман

Жуырда Алматыда арнайы операция барысында ұсталған Арман Жұмагелдиев сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

“Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады”, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері ҚПК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Айта кетері, Арман Жұмагелдиев көпшілікке “Дикий Арман” лақап атымен танымал.

Бүгінгі жаңалықтар