"Қайтыс болғандардың саны белгісіз" Алматы мәйітханасының қазіргі жағдайы көрсетілді (Видео)

мәйітхана
фото интернеттен

Алматыдағы ең үлкен мәйітхананың алдында жиылғандардың қарасы көп. Солардың бірі Құрманкүл Стамбекова 5-ші қаңтар күні көз жұмған баласының денесін мәйітханадан ала алмай жүр. Кезегім 226-шы деген анаға мәйітхана қызметкерлері бүгін келіңіз деген екен. Алайда, Құрманкүл апаның алдында әлі 192-ші болып тұрған адамдар да жақындарының мүрдесін ала алмапты.

Айта кету керек, мәйітхана алдында тек Алматыдағы лаң кезінде көз жұмғандардың жақындары ғана емес, әр түрлі жағдайда қайтыс болған жандардың да туыстары тұр. Ал, әділет министрлігі тәртіпсіздік басталғалы бері қанша адам мәйітханаға түскені туралы ешқандай ақпарат таратпады. Ет жақындарын сабылып іздеген халықтың дені туыстарын мәйітханадан тауып жатыр. Хабар ошарсыз кеткен соң алаңдаған ана 1414-ке қоңырау шалып, баласының аты-жөнін екі рет тіркетіпті. Ол жақтан ақпарат болмағаннан кейін өздері іздеп, 7-ші қаңтар күні оның денесін осы мәйітханадан тапқан. 36 жастағы Тұрар Арыстанқұловтың артында 4 баласы мен жұбайы қалды.

Алматыдағы ең үлкен мәйітхананың алдына жиналғандар кешегіден көп. Кейбірі туысқандарын тануға келіп жатса, енді бірі қолдарына мынадай палас ұстап жақындарының денесін алып кетуге келгендер. Мәйітхананың алдында тұрғанымызға тура бір жарым сағат болды. Осы уақыт аралығында іштен бірде бір мүрде шығарылған жоқ. Ал, әділет министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері елдегі мәйітханаларға қанша адамның денесі жеткізілді?, - деген сауалға төтенше жағдай аяқталған соң бірақ жауап беретіндерін айтты.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888