Бүгін Қазақстан республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынды.
Президент жаңа премьердің кандидатурасына Смайылов Әлихан Асханұлын ұсынып, дауыс беру кезінде 89 депутаттың 89 адамы да Алихан Асханұлына дауыс беріп жаңа премьер-министр анықталды.
Сондай-ақ Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады.