Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 11 қаңтарда жаңа премьердің кандидатурасын ұсынады.
"Бүгін сағат 11.15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
Сондай-ақ Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды.
Президенттің қатысуымен өтетін жиынды "Хабар 24" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.