“1 генерал, 2 полковник” Бір күнде үш әскери адамның өлімінің себебі айтылды

әскери

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті астанада ҰҚК қызметкері қайтыс болғанын хабарлады.

«10 қаңтарда астанада өз үйінің ауласында ҰҚК қызметкері Азамат Ибраевтың мүрдесі табылды» делінген хабарламада.

Осы жаңалықтан кейін, Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

«Жанат Сүлейменов қайтыс болғаны рас. Бірақ қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ал арада екі сағат өтпей Алматыдағы Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Таңат Назанов көз жұмды деген ақпарат жария болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін болған.

«Бүгін 10 қаңтарда сағат 11:00-де Түрксіб ауданыдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Назанов Таңат Жанбайұлы жұмыс орнында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен қайтыс болды. Өлімге жүрек талмасы себеп болды» делінген департамент хабарламасында.

Бүгінгі жаңалықтар