«8 көше» Алматыда қай көшелердің бүлікшілерден азат етілгені хабарланды

Алматы

Алматы комендатурасы қаладағы ахуал қалпына келе бастағанын хабарлады,деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы қаласы комендатурасының мәліметінше, Саин – Райымбек – Карьерная – Жандосов көшелерінің аумағы, Абай – Достық – әл-Фараби – Желтоқсан көшелерінің аумағы бүлікшілерден азат етті.

Әуезов, Алатау және Медеу аудандарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысты 508 адам ұсталды. 22 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 412 оқ-дәрі тәркіленді. Блобекеттерде 56 адам, 9 көлік ұсталды.

102 пультіне 1 021 хабарлама келіп түскен. Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 525-і дабыл түсті.