Депутат: «Мен премьер-министр болуға дайынмын»

Депутат

Ол үкімет құрамында білікті министрлер барын да атап өтті. Үкіметтің құрамы 100% жаңаруы шарт. Бұл туралы мәжіліс депутаты Айбек Паяев Atameken business телеарнасына айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол министрлер кабинетінің құрамы 100% жаңаруы керек деген пікірде.

«Әрине, жұмыс істеп жатқан министрліктер бар. Мысалы, министр Бағдат Мусинді алайық. Ол елде цирфландыру мәселесін шешіп жатыр. Әділет министрі Марат Бекетаев бар. Ол министр қызметінде отырғанына біраз жыл болды. Алайда Бельгияда «Стати» компаниясын жеңіп, шетелде Қазақстанның мүддесін қорғады», – деді депутат. Сондай-ақ Айбек Паяев Үкіметті басқаруға дайын екенін жеткізді. «Мен премьер-министр болуға дайынмын. Біз ұсыныс бергенде әріптесім, Қазақстан халық партиясының депутаты Ирина Смирнова премьер-министрлікке менің кандидатурамды ұсынды. Басқа партия фракциялары кімді ұсынатынын білмеймін», – деді депутат.

Айта кетейік, биыл 5 қаңтарда премьер-министр Асқар Мамин отставкаға жіберілген еді. 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет басшысының кандидатурасын Парламентке ұсынатынын мәлімдеген.