Кәрім Мәсімов ұсталды. Бұл туралы ҰҚК сайтында хабарланды.
“6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке сатқындық жасау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады.”
Бұл күні осы қылмысты жасады деген күдікпен ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен тағы басқа тұлғалар ұсталды.
Өзге мәлімет жария етуге жатпайтыны айтылады.