Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде болып жатқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады (Видео)

Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде болып жатқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі жариялады.

“Іштен және сырттан болған сан түрлі ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың құйтырқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім, өзара диалог керек”, – деді мемлекет басшысы.

 

“Ал жастарға айтарым, жарқын болашақтарыңа балта шаппаңыздар, жақындарыңыз бен туған-туыстарыңыздың жағдайын ойлаңыздар. Жалпы барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі. Тиісті шешімдер қабылданады. Осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылықтарыңызға сенемін, сіздердің амандықтарыңыз бен еліміздің тұтас қазіргі жағдайы осыған байланысты”, – деп түйіндеді Тоқаев.

Бүгінгі жаңалықтар