Алматыда танымал жұлдыздар жиналып “билік халықпен санассын!” деп ұрандатты (Видео)

жұлдыздар

Алматыда бір топ өнер адамдарыы Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрдың алдында жиналып, наразылық шеруіне шыққандарға қолдау көрсетті.

Олардың арасында әнші Нұрлан Албан, Жеңіс Ысқақова, Ролан Казретов, актер Рүстем Жаныаманов және басқалары бар.

“Құзырлы органдар, жоғары тақта отырған аға-апаларымыздан, әсіресе халықтың қалаулысы болып сайланған депутаттардан халыққа үлкен қысым жасамауын сұраймыз. Халыққа қарсы ешқандай күш қолданылмасын! “Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады” дейді қазақ. Пандемия кезінде әлем елдерінің экономикасы дағдарысқа түсіп жатқанда азық-түліктің қымбаттауы, халықтың Kaspi Red-ке азық-түлік алуы… Өнер сапындағы алматылықтар халықпен біргеміз! (…) Қазақ халқы шүкіршіл халықпыз, қандай нәубет келсе де артын тосып, сабырлық сақтайтын халықпыз. Бұл жолы, шындығында, халық әбден ашынды. Халық шырылдайтын кезі келді”, – дейді әнші Нұрлан Албан.

Әнші Жеңіс Ысқақова да өз кезегінде:

“Бейбіт шеруге шыққан халық, әрбір қазақстандық өзінің құқығын, мұң-мұқтажын айтуға тиісті. Себебі үкімет халыққа жұмыс істеп отыр. Қазақта “жыламаған балаға емшек жоқ” дейді. Газ, бензин, азық-түліктің бәрі қымбаттады. Барлығының жағдайы қиындап кетті. Ел аралап жүрміз, туған-туысқанның жағдайын көріп отырмыз. Халықтың мұң-мұқтажын жеткізу үшін келіп отырмыз. Біздің қаракөз бауырларымызға “бұзақы”, “бүлікші” деп қол көтермесе екен”, – дейді.

Сондай-ақ жиналғандар “билік халықпен санассын!” деп ұрандатты.

Бүгінгі жаңалықтар