“Газ құны – 50 теңге” Келіссөздер барысында қабылданған шешімдер жарияланды

Келіссөз

Үкіметтік комиссия Ақтау қаласындағы Ынтымақ алаңына жиналған белсенділермен кездесті. Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер жарияланды.

Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды.

Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпау туралы кепілдік берілді.

Тараптар туындаған барлық мәселелерді сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісім берді.

Бүгінгі жаңалықтар