«Кеше түнде болыпты» Ақтауда ер адамның мәйіті табылды

Ақтау

Ақтауда ер адамның мәйіті табылды. Бұл жайында aikyn.kz сайты жазды. Олардың хабарлауынша, куәгерлер 32В шағын ауданында, “Шаңырақ” тұрғын үй кешенінің маңынан ер адамның мәйіті табылғанын айтқан.

“Бәлкім, біреулер танитиын шығар немесе іздеп жатқан болар”, – дейді куәгерлер.

Ал полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні табылған.

«1972 жылғы ер адамның мәйітінде зорлықпен өлтіру белгілері табылмады. Қазір аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды”, – деді полицейлер.