“Себепсіз көтерілетін халық емес” Қайрат Нұртас соңғы оқиғадан кейін үндеу жасады (Видео)

Қайрат Нұртас

Әнші Қайрат Нұртас Ақтауда болған оқиғадан кейін желіде жазба жариялады деп хабарлайды qazbrand.info порталы.

Маңғыстау облысында наразылық білдірушілер Қайрат Нұртас отырған автокөліктің жолын жауып тастағаны туралы ақпарат тараған еді.

Осыдан кейін әнші Маңғыстау облысында газ бағасының қымбаттауына байланысты наразылыққа шыққан тұрғындарға қатысты ойын білдірді.

“Қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілетін халық емес. Дәл қазіргі жағдайда мен Батыстағы ағайынды қолдаймын. Себебі халықтың арасында жүргендіктен, Қайрат Нұртас болып қалыптасуымның себепкері халықтың мұң-мұқтажын жеткізуге хақым бар. Халықтың тұрмыстық жағдайы төмендеп кетті. Еш өзгеріссіз тұрған айлыққа қарамастан азық-түліктен бастап барлығы қымбат. Халық бар болғаны уайым-қайғысыз өмірді қалайды. Үкімет басшыларынан “Халық – Алланың аманаты” екенін ұмытпауын сұраймын!”, – деп жазды Қайрат Нұртас инстаграм-парақшасында.

Сондай-ақ ол президент Қасым-Жомарт Тоқаев тез арада оң шешімін шығаратынына сенім білдірді.

Бүгінгі жаңалықтар