"Билік 50-60 теңге дейін түспейтінін айтты" Наразылық шаралары сәт сайын үлкейіп барады

Наразылық шаралары

Жаңаөзенде сұйытылған автомобиль газы қымбаттауына байланысты Маңғыстау облысында өтіп жатқан наразылық шаралары сәт сайын үлкейіп барады деп жазды qamshy.kz порталы.

Желіде тараған соңғы ақпараттарға қарағанда, Ақтауда алаңға мыңдаған адам жиналып, "Шал кет" деп саяси талаптар қоя бастаған. Facebook-те кей қолданушылар алаңдағы адам саны 10 мыңнан асып кеткенін жазып жатыр.

Сонымен қатар азаматтар үкімет отставкасын талап етіп жатыр.

3 қаңтар кешке қарай алаңдағы азаматтарға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келіп,  сұйытылған газ бағасының қымбаттау себебін түсіндіруге тырысты. Ол  кәсіпкерлермен қол жеткізілген келісім нәтижесінде баға 120 теңгенің орнына 85-90 теңге болатынын жеткізді. Алайда алаңдағы адамдар әкімді сөйлетпей "Елу! Елу!" деп айқайлап тұрып алған. Сондай-ақ жұрт қалада интернетті қосуды талап етті.

Бұған дейін наразылыққа шыққандар Ақтау қаласы мен әуежайды жалғап жатқан жолды жауып тастаған.

Сондай-ақ Форт-Шевченко кенті тұрғындары наразылық акциясын қолдау ретінде кент пен Ақтау арасындағы жолды жапқан.

2 қаңтарда Жаңаөзенде басталған наразылық акциялары бәсеңдемей, алаңға шығушылар саны сәт сайын артып жатыр. Билік те дегенінен қайтар емес. Олар сұйытылған газ құны қымбаттауы нарықтық қарым-қатынас үшін заңды құбылыс екенін, баға қайтып литрі үшін 50-60 теңге дейін түспейтінін айтады.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888