"Сағат түнгі 1.40" Ақтаудағы түнгі ереуілде болған жағдайлар түсірілді (Видео)

Ақтау

Ақтау. 04.01.2022 жыл. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат түнгі 1.40. Шеруге жиналғандар тарқаған жоқ. Шатырмен қоса облыстық әкімдіктің алдына киіз үй тігіп қойған. Ол жерде жиналған халық жылынып, тамақтанады дейді белсенділер. Түн ішінде әнұранды орындаған көпшіліктің мәселе шешілмей кеткісі жоқ деп жазды qazbrand.info порталы.

Маңғыстаулық ақын Рахат Қосбармақ шерушілерге өзінің өлеңін оқып берді. Оны қолдаған халық қошеметін білдірді. Ал сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен халықтың айтуынша облыс әкімі Нұрлан Ноғаев көпшілік ортасына келген.

- Әкім бізге келді жаңа. 80-95-ке түсіріп берем деді. Біз қарсы болдық. Халық оған қарсы болды 50 теңгеге түсірсін деп.

Айта кетейік, шеруге шыққандарға ешқандай күш қолданылмаған.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888