Тоқаевтың тапсырмасы: Үкімет Жаңаөзендегі жағдайға қатысты шешім шығарды

Тоқаевтың тапсырмасы

Премьер-министр А. Маминнің өкімімен Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарастыру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы aikyn.kz жазды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет сұйытылған мұнай газының бағасын реттеу бойынша шаралар топтамасын іске асырады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі АЖҚС иелеріне қатысты бағалық сөз байласу бойынша тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының АЖҚС иелері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бастамашылық тәртіппен газ құнын литріне 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады.

Үкімет қоғамдық тәртіпті бұзумен байланысты болған оқиғаны құқықтық бағалау бойынша шаралар қабылдайды.

Бұған дейін мемлекет басшысы Тоқаев Жаңаөзендегі халық наразылығына байланысты үкіметке тапсырма бергені туралы жазылған болатын.

Бүгінгі жаңалықтар