“Интернет өшіп, Республика алаңы жабылды” Алматыда не болып жатыр (Видео)

митинг

Алматыда Республика алаңы жабылып, ол жердегі интернет сөндірілді. Бұл туралы куәгерлер мен желі қолданушылары жазды.

3 қаңтарда, таңертең, оңтүстік астанадағы әкімшілік алдындағы орталық алаң жабылып, ол жердегі интернет өшірілді.

Блогер Бейбіт Әлібеков әлеуметтік желіде бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

“Бізде, мұнда Алматыда, үрей бар. Жаңа алаң жабылып, интернетті өшіріп тастаған. Ешкім шыға қоймайды, алайда кептеліс туындады. Адамдар азық-түлік пен таксиге тапсырыс бере алмай жатыр”, – деп жазды ол.

Көптеген алматылықтар алаңның жабылуын Жанболат Мамайдың үндеуімен байланыстырып отыр. Ол 3 қаңтарда сағат 14.00-де Маңғыстау облысында митингке шығушыларды қолдау үшін жиналуға үндеген.

Sputnik Қазақстан қалалық әкімшілік пен полиция департаментінен алаңын жабылуына қатысты ресми пікір алуға жүгінді. Ол жердегілер жағдайды нақтылауға уәде етті.

Бүгінгі жаңалықтар