Тоқаев Жаңаөзендегі халық наразылығына байланысты үкіметке тапсырма берді

Жаңаөзендегі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңаөзендегі халық наразылығына байланысты үкіметке тапсырма берді.

“Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан тексеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс”, – деп жазды президент Twitter парақшасында.

Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына өз талаптарын ашық айтуға құқығы бар, бірақ бұл заңға, атап айтқанда, бейбіт жиналыстар туралы заңға сәйкес жасалуы керек, деп атап өтті кейінірек президент.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жаңаөзен тұрғындары газ қымбаттауына байланысты митингке шыққан болатын.

Бүгінгі жаңалықтар