“Денсаулығым жетпей ме деп қорқам…” Сәбит Әбдіхалықовтың денсаулығы сыр берді (Видео)

сәбит

Отандық актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында өнері, қызметі, отбасында қандай жар екенін ашық айтты. Өнер иесі өзінің мінезінің ауыр екенін мойындады. Десе де ол бұған дейінгі екі некесінде де отбасын тастап кетпегенін тілге тиек етіп, жан сырын ақтарды деп жазды qazbrand.info ақпараттық порталы.

Сәбит Әбдіхалықов бүгінде үшінші жұбайы, актриса Динара Абдуллинамен бірге өмір сүруде. Актердың үшінші жұбайынан бір ұлы бар. Оның бірінші әйелі танымал актриса Айгүл Иманбаевадан бір ұлы бар. Екінші жұбайы — әнші Алтынай Жорабаева екені белгілі. Айта кету керек, ол Жорабаевамен 2016 жылы ажырасып кеткен. Олардың ортақ төрт қызы бар.

Бүгінгі жаңалықтар