«Құтқарыңдаршы!» Үржар ауылында автомат асынған адамдар тойға басып кірді (Толық видео)

Үржар

Бұған дейін әлеуметтік желіде жаңажылдық шара кезінде қолына қару ұстаған адамдардың мейрамханаға кіріп, дүрбелең тудырған видеосы тарады. Полиция Шығыс Қазақстан облысының Үржар аулында жаңажылдық мереке кезінде болған оқыс оқиға туралы айтып берді.Sputnik

Еске салсақ, 1 қаңтарға қараған түні мерекелік жиын өтіп жатқан ауылдағы дәмханаға автомат асынған адамдар басып кіріп, аспанға оқ атқан. Үрейленген қонақтар дәмханадан жапатармағай қашқан.

«2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 4:00 шамасында Үржар ауылындағы мейрамханалардың бірінде жергілікті екі тұрғын туындаған дауға байланысты оқ ататын қару қолдану арқылы бұзақылық әрекетке барған. Олар атқан оқтан ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген Шығыс Қазақстан облысы полициясының хабарламасында.

Полиция автомат асынғандардың бірін ұстады. Екіншісі қазір іздестіріліп жатыр, бірақ оның жеке тұлғасы анықталды, деп мәлімдеді полициядағылар.

Осы оқиғадан кейін ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлімі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Құқық қорғау ведомствосы ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жария етілмейтінін айтты.