Мәйіті жуынатын бөлмеден табылды: Өзіне қол жұмсаған көп балалы анаға қатысты дерек пайда болды

Мәйіті

Алматыда бүлдіршіндерге қол көтерді деген күдікке ілінген тәрбиеші жуынатын бөлмеде асылып қалған. Ол көп балалы ана болып шықты.

Ratel.kz  мәліметі бойынша, 28 желтоқсанда ол асылып қалған. Денесінде зорлық белгілері жоқ. Артынан хат жазып қалдырмаған. Құқық қорғау органдары істі тергеп жатыр.

Қазіргі күні Жетісу аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде әйелдің балабақшада балаларды ұрған сәті түсірілген видео тараған болатын.

Ата-аналар отырған чатқа тәрбиеші байқамай бейнежазбаны өзі салып жіберген. Балаларды аялы алақанымен емес, тоқпақпен тәрбиелегісі келген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын.

Бүгінгі жаңалықтар
qazbrand.info

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.


Мекенжайы:
010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі, 34.

Байланыс телефоны: +7 775 759 2992.

E-mail: qazbrand.info
888