Сылақшы қызды «жұлдызға» айналдырған Жұлдыз кім?

Сылақшы Гүлмайдан Серікбай

Қызылордалық сылақшы қыз Гүлмайдан Серікбай ойламаған жерден жылдам танымалдыққа ие болды. Желі қолданушылары ол орындаған «Әдемі қыз» әніне тәнті болды.  Гүлмайдан Baribar.kz тілшісіне жеке өмірі мен шығармашылығы туралы сұхбат берді.

Гүлмайданның көпшілікке танымал есімі – Дана. Бұл есім адамдардың есінде тез сақталады екен оның айтуынша.

Ол 1994 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты Бестам ауылында дүниеге келген. 3-курсқа дейін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Жоғары музыка» мамандығы бойынша білім алған. Алайда 2017 жылы анасы қайтыс болып, оқуын аяқтай алмай қалады. Әйтсе де өзі қиындық көп көргенімен, өнерін тастамағанын айтады.

– Халық дәл осылай қолдайды деп ешқашан ойламаппын. Өйткені бұл жүрегімде тұншыққан арманым еді. Жұмыста жүргенде ән айтып жатқанымды жақын досым болып кеткен Жұлдыз сыртымнан байқатпай видеоға түсіріп, TikTok-қа салып жіберіпті. Ол екеуіміз құрылыс алаңына бірге шығып, жұмыс істейтінбіз. Бос үйдегі жақсы акустиканың арқасында дауыс әсерлі шығыпты, сөйтіп интернет аудитория арасында тарап кетті деп ойлаймын, − дейді Гүлмайдан Серікбай.

Халықтың көңілінен шыққан қарапайым қыздың толық сұхбатын baribar.kz сайтынан оқыңыз.

Бүгінгі жаңалықтар