«Сұмдық-ай!»: Он айдың ішінде 2 мыңға жуық кісі зорлау фактісі тіркелген

Елімізде он айдың ішінде 2 мыңға жуық кісі зорлау фактісі тіркелген

Елімізде он айдың ішінде 2 мыңға жуық кісі зорлау фактісі тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 400 дерекке кем көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда әйелдер мен балаларға қарсы жасалатын зорлықтың алдын алуға бағытталған республикалық конференция өтіп жатыр.

Мамандардың пікірінше, мұндай оқиғаларды жасырып, жабуға болмайды. Ең дұрысы – бірлесіп әрекет ету керек. Сонда ғана іс нәтижелі болады. Еліміз бойынша өткен 10 айдың ішінде 2 мыңға жуық кісі зорлау оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 400 дерекке кем.

Сарапшылардың пікірінше, Парламентте қаралып жатқан сексуалдық тұрғыдағы зорлық жасаушыларға қолданылатын жазаны қатаңдату туралы заң жобасы қабылданса, бұл көрсеткіш барынша азаяды.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықты тыю арқылы көптеген ауыр қылмыстардың алдын алуға болады. Өйткені бәрі бір-бірімен байланысты. Біз қазір жаңа заң жобасын қайта қарастырып жатырмыз. Соған сәйкес, алдағы уақытта тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылар қазіргідей әкімшілік жазамен құтылып кетпейді. Олар қылмыстық жауапқа тартылатын болады», -деді БҰҰ-әйелдер құрылымының қазақстандағы бағдарламалық маманы Салтанат Мұстафина