Әскер спортшысы Қазақстан құрамасына алғашқы «алтын» әкелді

photo1636136418

Қазақстан Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының былғары қолғап шебері Теміртас Жүсіпов (48 келі) Белградта (Сербия) өткен Әлем чемпионатының финалында айқын басымдықпен жеңіске жетті

Ақтық жекпе-жектегі қарсыласы тайландтық боксшы Вуттичай Юрачай болды. Ел әскерінің спортшысы қарсыласын үшінші раундта нокдаунға жіберіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Теміртас Жүсіпов – 2019 жылғы Дүниежүзілік әскери ойындардың жеңімпазы, 2021 жылғы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы.

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: