Әскерилердің балаларына арналған ақысыз спорттық үйірмелері ашылды

dsc0116

Аягөз гарнизонының «Южный» әскери қалашығында әскери қызметшілердің балалары үшін ақысыз спорттық үйірмелер жұмысын бастады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда халықтың денсаулығын жақсарту мәселесіне айрықша назар аудару қажеттігін, бұқаралық дене шынықтыруды өркендету салауатты әрі белсенді жастардың, түптеп келгенде, қуатты ұлттың негізін қалыптастыратынын айтқан болатын.

Ел Президентінің Жолдауда қойған тапсырмасын іске асыру мақсатында, әскерилердің балаларына арналған ақысыз спорттық үйірмелер гарнизон бастығы подполковник Дәулет Сүттібаевтың бастамасымен қолға алынып, спорт кешенінде балалардың әртүрлі спорт түрімен айналысуға мүмкіндік жасалып отыр.

Бұл жерде әскери қызметшілердің 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары қазақша күрес, кудо мен шағын футбол, шаңғы тебу және үстел теннисі сияқты спорттың түрлерімен шұғылдана алады. Жаттығулар кесте бойынша аптасына үш рет өткізіледі. Балаларды  республикалық және халықаралық додалардың чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спорт шеберлері  жаттықтырады.

 

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: