Әскерге жаңа келгендер бөліммен танысуда

dsc0008

 

Күзгі әскерге шақыру науқанында Аягөз гарнизоны танк әскери бөліміне еліміздің түпкір-түпкірінен келген сарбаздарды әскери бөліммен таныстыру жұмыстары  ұйымдастырылды.

dsc0008

 

Аталмыш шара барысында жас толым әскери бөлімнің тарихымен, басшылық құрамымен және жеке құрамның жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерімен танысты. Таныстыру жұмысы ең алдымен әскери бөлімнің шығу тарихынан сыр шертетін  шағын мұражайдан басталды. Онда әскери бөлімдегі елеулі оқиғалар, атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер сарбаздардың назарынан тыс қалмады.

Сарбаздар экскурсиясы одан ары әскери техникалар орналасқан аллеяға баруымен жалғасты. Ол жерде Отан қорғаушыларға ауыр ұрыс машиналарының шығу тарихы мен техникалық сипаттамалары жайында қызықты ақпараттар жеткізілді.

– Бүгін өзіміз бір жыл қызмет атқаратын танк әскери бөлімімен танысып жатырмыз. Осы шағын экскурсия барысында бізге  командиріміз мәдени демалу орталығы, әскери бөлім мұражайы және кітапхананы көрсетті. Мен өзім әдеби кітаптарды көп оқитындықтан, маған әскери бөлімде қызықты кітаптарға толы кітапхананың болғаны қатты ұнады, – деді Атырау өңірінен келген жас толым Тоқтар Орынғалиев.

dsc0040 1

Айта кетейік, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында әскердегі моральдық-психологиялық ахуалды және сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеру аса маңызды деген болатын. Қазіргі уақытта жас сарбаздар жауынгерлік дайындықтың жоспары бойынша саптық, тактикалық дайындық сабақтарын оқып, әскери жарғыларды және жалпы күн тәртібін меңгеруде. Әскери борышын атқару барысында жас сарбаздар ізгі қасиеттерді бойларына сіңіріп, табанды әрі төзімді болуды үйренеді.

 

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: