Гарнизонға жас сарбаздардың алғашқы легі келді

dsc00015

 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонының танк және артиллерия  әскери бөлімінің сарбаздар қатары күзде әскерге шақырылған 100-ден аса жас сарбазбен толықты.

dsc00015

Болашақ Отан қорғаушылардың алғашқы легі  Қостанай, Жамбыл және Павлодар өңірлерінен Аягөз гарнизонына теміржол торабы арқылы жеткізілді. Жоспарға сәйкес жаңадан келген сарбаздар бір ай бойы жас жауынгер курсынан өтіп, әскери өмірдің қыр-сырын үйренетін болады.

Танк әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Бақытжан Серәлиевтың айтуынша, жас сарбаздарға бөлімде арнайы терең психологиялық тестілеу мен оларды таныстыру жұмыстары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, жас сарбаздар ротасының әкімшілік құрамы әр сарбазбен жекеленген түрде сұқбат жүргізіп, олардың толықтай мәліметімен танысады. Яғни, мерзімді әскери қызметін атқарушылардың кәсіби мамандықтары мен білімдеріне, мінездемелеріне және психологиялық деңгейіне назар аударылады. Бұл мәліметтер алдағы уақытта олардың қызмет ету үшін және бөлімшелерге бөлінер кезде қажет болады.

dsc0009

  • Қазір күзгі әскерге шақырылушылардың келуіне әскери бөлімдерде барлық жағдай жасалып, жиын әкімшілігі құрылған. Оның құрамына сарбаздарды әскери істің қыр-сырына үйретіп қана қоймай, жаңа жағдайларға бейімдеуге көмектесетін тәжірибелі офицерлер мен сержанттар тағайындалған, – деді гарнизон бастығы подполковник Дәулет Сүттібаев.
  • dsc00017

Естеріңізге сала кетсек, Қорғаныс министрлігінде өткен алқа отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев армия мемлекетіміздің тірегі, егемендіктің кепілі екенін және әрбір қазақстандық сарбаз бен сардар қастерлі Тәуелсіздігімізді күзетіп тұрғанын ұдайы есінде ұстауға тиіс деген болатын.

Аягөз гарнизоны баспасөз қызметі

 

 

 

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: