Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет

dsc0022

Аягөз қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жеке құрамымен «Әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік жауаптылық» тақырыбында кездесу өтті.

dsc0022

Кездесу барысында қоғамда жиі орын алатын заң бұзушылықтар мен ұсақ тәртіпсіздіктер жайында айтылып, алдын алу шаралары түсіндірілді.

  • Бүгінгі кездесуді әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасау деңгейін төмендетуге бағытталған «Айыппұлсыз жыл» акциясы негізінде өткізіп отырмыз. Статисткаға сүйенсек, осындай шаралар арқылы әкімшілік құқық бұзушылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда біршама азайғанын айтуға болады, – деді әділет лейтенанты Тахир Жаңабеков.
  • dsc0026

Кездесуге қатысушылар тақырып төңірегінде толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Айта кетейік, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау және анықтау мақсатында рейдтік іс-шара жұмыстары әскери полиция қызметкерлерінің қатысуымен ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін жүргізіледі.

 

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

 

 

 

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: