Әскери техникаларды қысқы кезеңге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде

Қарулы Күштерде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңіне ауыстыру жоспарына сәйкес Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінде маусымдық  ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Әр жылдың көктем, күз айларында әскери техникаға күтім жасайтын кезеңнің  басты мақсаты  әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсету қару-жарақтың жай-күйін тексеру және анықталған ақауларды жоюға бағытталған.

 

 

Бұл жұмыстың негізі мен күрделілігі қару-жарақ пен әскери машиналарды қысқы қатаң климаттық жағдайда жауынгерлік дайындық деңгейін төмендетпей және дайындық сабақтарын тоқтатпай пайдалануға дайындаудан тұрады.

Бұл кезеңде негізгі жүктеме экипаждардың (жүргізушілер мен механик-жүргізушілердің) және барлық дәрежедегі командирлердің, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарларының иығына түседі. Ауа райының қатаң  уақытына қарай әскери қызметшілер төмен салқындатқыш сұйықтықтарды, сүзгіш элементтерді және тозған техниканың резеңке бұйымдары мен майларды ауыстыруы, тораптар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету қажет. Жауынгерлік машиналар паркінің аумағында тиісті тәртіппен қоймаларға, көлік тұрақтарына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, өндірістік жабдықтарға қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар әскери қызметшілердің барлық санаттарымен жауынгерлік машиналар парктерінде маусымдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ техникада жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша көрсету сабақтары өткізіледі.

  • Жылдың суық мезгілінде техника мен қару-жарақты пайдалану ерекшеліктері мен тәртібі, дайындау және қызмет көрсету бойынша операциялардың орындалу технологиясы мен реттілігі егжей-тегжейлі зерделенді. Жеке құрам алдын-ала барлық қажетті қосалқы бөлшектермен, құрал-саймандармен және жанар-жағармайдың барлық түрлерімен қамтамасыз етіледі деді, — танк батальоны командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасары майор Темірхан Жәнәбілов.

Маусымдық жұмыстарды жүргізу кезінде жауынгерлік және арнайы техниканың, сондай-ақ жеке құрам мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдердің техникалық жай-күйіне ерекше назар аударылатын болады.

 

Аягөз гарнизоны баспасөз қызметі