Танкішілер байқау-конкурсында бақ сынауда

Аягөз гарнизоны танк әскери бөлімінің жеке құрамы Қазақстан Қарулы Күштерінің ауқымында өтіп жатқан дене шынықтыру сайысын үздік ұйымдастыру байқау-конкурсына қатысты.

          Іс-шараның негізгі мақсаты әскери-спорт кешенінің жаттығуларын орындау бойынша әскери қызметшілердің дене даярлығы деңгейін арттыру болып табылады.

Екі күнге созылған сайыста әскерилер жекпе-жек күресі кешенінің тәсілдері, кедергілер жолағынан өту, гранатаны қашықтыққа лақтыру, белтемірге тартылу, 5000-3000 және 1000-100 метр қашықтыққа жүгіру сынды нормативтерді орындап, өздерінің біліктіліктерін шыңдады.

Сонымен қатар, дене шынықтыру деңгейі жылдамдық және төзімділік сияқты критерийлер бойынша бағаланды. Дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысында қатысушылар нормативтерді орындауда үздік нәтижелер көрсетіп, жеңіске деген қайсар мінез бен жігер танытты. Сондай-ақ, танк әскери бөлімі дене шынықтыру сайысын үздік ұйымдастыру бойынша басшылық тарапынан жақсы деп бағаланды.


Танк әскери бөлімінің жеке құрамы ұйымдастыру байқау-конкурсына қатысып, өздерінің жауынгерлік даярлықтарын жоғары деңгейде көрсетуде. Аталмыш сайыстың қорытындысы қырқүйек айының соңында шығып, жеңімпаздар анықталатын болады, – деді ҚР ҚК Бас Штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің бағыт аға офицері майор Олжас Сердалиев.