Танкистердің мерекесіне арналған шара өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығындағы Аягөз гарнизонының танк әскери бөлімі 15 қыркүйек күні әскери бөлімнің құрылған күнін және Қазақстан Қарулы Күштері танкистерінің кәсіби мерекесін атап өтті.

Салтанатты жиынға бөлімнің жеке құрамы мен ардагерлер қатысты. Шара барысында әскери қызметтегі кәсіби шеберлігі үшін офицерлер, сержанттар және азаматтық персоналдар алғыс хат алып, мақтау грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тарихы терең әскери бөлімнің тамыры сұрапыл Ұлы Отан соғысынан бастау алады, бүгінде Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің шығыс өңірінің берік қалқаны ретіндегі бригаданың бірі. Осындай мақтанышпен айта алатын бөлімнің қойнауынан көптеген генералдар мен офицерлер, сержанттар тәрбиеленіп өсті. Бейбіт өмірдің қайнауында өз жолын жалғастырып келе жатқан әскери бөлім тек мемлекетіміздің ішінде ғана емес әлем алдында өзінің жоғарғы кәсіби жауынгерлік дайындығын дәлелдеп, ел абыройын асқақтатты. Соның бір айқын көрінісі 2014 жылдан бері жыл сайын қатысатын «Танк биатлоны» конкурсы. Айта кетейік, бүгінде танк әскери бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді сақтай отырып, әскери даярлықты шыңдап, қырағылықпен міндеттерін атқаруда.

– Тарих еншісінде қалған жылдар да әскери бөліміміз қазіргі уақытқа дейін Қарулы Күштердің қызметтік жолында мемлекетімізбен бірге есейіп, өздеріне артылған зор сенімді абыроймен атқарып, еліміздегі әскердің даму жолында сүбелі үлесін қосып келеді. Танк бригадасы өздерінің міндеттерін абыроймен орындауда. Бөлім жеке құрамын бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде қызмет етіп жүрген танкистерге және барша әскери қызметкерлерге еңбекте табыс тілеймін, – деді бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Бақытжан Серәлиев.
Мерекелік кеш соңы көркемөнерпаздар концертіне ұласты. Аталмыш іс-шара барлық санитарлық талаптарға сай өткізілді.

 

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі