«Мен тозаққа жалғыз бармаймын» Университетте оқ атқан Тимур Бекмансұровтың жазбасы табылды

Пермь университетінде оқ атқан студент

Пермь университетінде оқ атқан студент Тимур Бекмансуров мұндай қадамға неге барғанын алдын ала жазып қалдырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұл әрекетін терракт деп есептемейді.

Бұл – террорлық шабуыл емес (заң тұрғысынан). Мен экстремистік ұйымның мүшесі болған емеспін. Егер Киелі кітап шындыққа айналса, менің түсінуімше, мен тозаққа барамын, дегенмен, барлық адам кем дегенде бір рет күнә жасады, сондықтан мен тозаққа жалғыз бармаймын, – деп жазды Тимур Бекмансұров.

Тимур Бекмансуровтың қаруды сатып алуды қалай жоспарлағаны, анықтаманы қалай алғанын да айтқан.

Бастауыш мектептен бастап мен адамдардың жанын ауыртқанды ұнататынымды түсіндім. Олардың қайғы-қасіреті, қорқынышы шынайы. Тек бірен-саран адам ғана өмір сүруге лайық. Адамдар көптеген идеологияны ойлап тапты, бірақ мұның ешқайсысы нашар болмысыңызды өзгертпейді. Адам – ашкөз, өзімшіл, қорқақ және зұлым жаратылыс, деп жазыпты ол.

Естеріңізге сала кетейік, Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс болып, 8 адам қаза болды, тағы бірнеше адам жарақат алды.