Ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының полициясында қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

"Алматы облысының полиция департаменті дерек бойынша ҚР ҚК-ның 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", — деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Айта кетсек, бүгін түнде 25 жастағы дарынды спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер көз жұмған болатын. Ол өзіне қол жұмсаған. 

Альберт Линдер 1996 жылы 13 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 2017 жылы 24 жасында Ашхабад қаласында өткен Азия чемпионатында топ жарды. Одан кейін тамыз айындағы Универсиадада 69 келі салмақ дәрежесінде алтыннан алқа тақты. Сол кезде Линдер үш мүмкіндіктің екеуін ғана пайдаланып, чемпион атанды.

Источник stan.kz