Біріккен Араб Әмірліктерінің әуежайларында коронавирусты иттердің көмегімен анықтау басталды

Біріккен Араб Әмірліктерінің әуежайларында коронавирус жұқтырғандарды иттердің көмегімен іздеуді бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Біріккен Араб Әмірліктерінің әуежайларында коронавирусты иттердің көмегімен анықтау басталды

Қазіргі таңда Араб Әмірліктерінің әуежайларында 98 пайыз жағдайда ауру жұқтырғанын анықтайтын 38 ит жұмыс істеп жатқаны айтылды.

Дубай полициясы COVID-19 расталған адамдардан алынған тер тамшыларын қолдана отырып, коронавирусты пациенттердің иісін тануға неміс овчаркасы, лабрадор, кокер спаниель және шекара колли тұқымды иттерін үйреткен.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, бұл әдістің дәлдігі 98 пайызға тең. Дубайда жүргізілген зерттеуде иттердің анықтау қабілетін салыстыру үшін 3290 адамның тер үлгілері мен мен ПТР тесттері қолданылды. Үлкен жаттығу бөлмесінде полицейлер иттерді үлкен металл жәшіктерінің жанымен жүргізеді және олардың тек біреуінде вирустың оң нәтижесі жасырылған. Иттер оларды иіскеп, табылғанын білдіру үшін жанына отырады.

Дубай полициясының лейтенанты Насер әл-Фаласи иттердің қазір күн сайын шамамен 30-40 сынақтар өткізіп жатқанын атап өтті. Ол иттерді тек әуежайларда ғана емес, кез келген жерде қолдануға болатынын айтты.

Источник stan.kz