Кеме апатқа ұшырап, төрт күн су ішпеген: Ашық теңізде қалған анасы балаларын құтқару үшін өз нәжісін ішіп, емізген

40 жастағы Мэрили Чакон сапарға шыққан кемесі апатты жағдайға түсіп, ашық теңізде қалған соң екі баласын өз нәжісін ішіп, емізу арқылы аман алып қалған. Оқиға Венесуэлада орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме беріп.

Кеме апатқа ұшырап, төрт күн су ішпеген: Ашық теңізде қалған анасы балаларын құтқару үшін өз нәжісін ішіп, емізген

Мэрили Чакон балалары Хосе Давид пен Мария Беатрис Камболор мен күйеуімен және бала күтушісен, кеменің басқада қызметкерлерімен аралға аттанған. Олардың қайығы Атлант мұхитына сапары кезінде жел соғып, қирап қалған. Венесуелалық әйел балаларды емізу үшін зәрін ішуге мәжбүр болған.

Қуанышқа орай, балалар анасымен бірге және бала күтушісімен қайықтың ішінде болып аман қалған.

Құтқарушылар аналарының денесіне жармасқан балаларды қиындылардың үстінен тапқан. Олардың денесі күйіп қалған күйі ауруханаға жеткізілді. Балалармен бірге олардың күтушілері де аман қалған. Ол қатты ыстықтан жасырынбақ болып, тоңазытқыштың ішіне тығылып алыпты.

Одан бөлек тағы бес адам, олардың ішінде балалардың әкесі жоғалып кеткен. 

Тоғыз адамнан тұратын кеме құрамы Венесуэладан Карибтің адам өмір сүре алмайтын Ла Торту аралына аттанған.

Ресми өкілдер Мэрилидің шөл қысқан соң ағзалары зақымдалғанын мәлімдеген. Ол балаларын емізу үшін өзінің нәжісін ішкен. Мәрилидің әкесі Хумберто Чакон отбасы балаларын жай ғана сергіту үшін сапарға шыққанын айтқан. 

Мэрилидің жаназа рәсімі өткен сенбіде өтті. Белгілі болғандай, оның балалары алған физикалық зақымдарына қарамастан аман қалған және жағдайлары жаман емес.

Венесуэланың су мәселелеріне қатысты ресми өкілдері 3 қыркүйекте сағат 9:30-да Тортуга қайығы Ла Тортуга аралына жол тартқан және 5 қыркүйекте қайтуды жоспарлағанын хабарлады. Порт әкімшілігі 5 қыркүйекте қайықтың жоспарланған бағытқа дейін жетпей қалғанын байқап, сол күннен бастап іздестіру жұмыстары жүргізілген. 

Ресми өкілдер өз мәлімдемесінде "Біз өте қайғылы жағдайға көңіл айтамыз" деп жазды.

Шөлден қысылған әйел құтқарылғаннан төрт сағат бұрын көз жұмған екен.  Су ішпегеніне үш күн болған. 

Ресми өкілдер топта радио, GPS немесе басқа қауіпсіздік құрылғылары, соның ішінде сигнал беретін құрылғылары болса, олардың аман қалу мүмкіндігі жоғарылайтын еді дейді. 

Қайықта жоғалған бес адамның төртеуі қайық қызметкерлері болған. 

Источник stan.kz