Алматыда 3,7 млн теңге пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаев жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда 3,7 млн теңге пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды

Шенеунікті Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері ұстап, екі айға қамауға алған.

10 қыркүйекте желіде Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Қазақстанда жаңа жәрдемақы түрі енгізіледі 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратты растады. Шенеунік 7 қыркүйекте ұсталған. Ол "Қазақ саңыраулар қоғамының" директоры Л.Дауылбаевадан Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойғаны үшін 3,7 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.

 

Источник stan.kz