Тоқаев қазақстандық вакцина паспорттарын ШЫҰ елдері арасында мойындалу процесін жылдамдатуды тапсырды

Президент Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) елдері арасында вакцинация паспорттарын мойындау пандемия қиындықтарын жеңуге ықпал ететінін атап өтті. Бұл туралы ол ШЫҰ мен ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) мүше мемлекеттер басшыларының кездесуінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев қазақстандық вакцина паспорттарын ШЫҰ елдері арасында мойындалу процесін жылдамдатуды тапсырды

ШЫҰ мемлекеттерінде вакцинациялау паспорттарын мойындау рәсімін жеделдету, олардың көпжақты жүйелерге интеграциялануы біздің ел тап болған қиындықтар мен сындарды еңсеруге ықпал ететініне сенімдімін, –  деді Тоқаев.

Президент пандемияға қарсы күрес халықты жаппай иммундау кезінде ғана мүмкін болатынын айтты.

Бұған дейін ол пандемияның ең қиын кезеңінде ШЫҰ серіктестері өзара гуманитарлық көмек көрсете отырып, шын мәнінде Шанхай ынтымақтастық рухын көрсеткенін атап өтті.

“Қазақстанда ұсына алатын нәрсе бар. Біздің QazVac вакцинасы тексерістен өтті. Клиникалық сынақтар оның тиімділігін дәлелдеді және біз дәрі-дәрмекті гуманитарлық көмек ретінде көрші елдерге жеткізе бастадық. Тағы екі қазақстандық Naruvax-С-19 пен Naruvax-С-19 әзірлемелері COVID-19-ға қарсы вакциналар ретінде ДДҰ тізіліміне енгізілді, — деп атап өтті ол.

Код-сөз арқылы сатқан: Нұр-Сұлтанда вакцинация паспорттарын 3 ай бойы қолдан жасағандар ұсталды 

 

Источник stan.kz