Оралда жоғалған 22 жастағы қыз орманнан өлі табылды

oralda zhoғalғan 22 zhastaғy қyz ormannan өli tabyldy 9580db6

Оралда жоғалған 22 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оралда жоғалған 22 жастағы қыз орманнан өлі табылды

Оралда орман маңынан белгісіз әйелдің мүрдесіі табылған болатын. Кейін анықталғанындай, марқұм 1999 жылғы қыз болып шықты.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашу үшін бір тәуліктен аз уақыт қажет болғанын хабарлады.

Жедел іздестіру шаралары барысында 1994 жылғы ер адам қолға түсті.

"Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді",-  деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция анықтағандай, өлген қыз 13 қыркүйекте жоғалып кеткен 22 жастағы Анастасия Черная болды. Ол рюкзагы мен құжаттарын алып, өзі тұрып жатқан пәтерден шықты. Марқұмның денесі Ветелки ауылының маңындағы орманда табылды. Елді мекен облыс орталығынан 15 шақырым жерде орналасқан шағын аудандардың бірі болып саналады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: