«Айғай-шу, қарғап-сілеу болған жоқ»: Нұрлан Албан бірінші әйелімен ажырасуына қатысты

ajғaj shu қarғap sileu bolғan zhoқ nұrlan alban birinshi әjelimen azhyrasuyna қatysty 026113f

Нұрлан Албан алғаш рет бірінші некесіне қатысты шындықты айтты. Ол ақын, журналист Назира Бердалымен отау құрып, кейіннен екіге кеткенін растады. Бұл туралы Нұрлан Албан Hit-TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Айғай-шу, қарғап-сілеу болған жоқ": Нұрлан Албан бірінші әйелімен ажырасуына қатысты

"Назира Бердалы – қазақ поэзиясындағы орны ерекше ақын, қазақтың мықты ақын қызы. Екіншіден – тұлға. Үшіншіден, өте тамаша пенде. Басқа?" – деп қысқа қайырған Нұрлан бұл тақырыпты көп қозғамайтынын жеткізді. 

Әншінің бар ойы екінші некеден өсіп отырған балаларының жүзін жерге қаратпау.

"Сол балаларымның жүзі шайылып қалмасыншы деп қана… Әйтпесе қорқыныштан не болмаса бір ағаттықтан ол сұрақтан қашпаймын. Бүкпесіз жауап бере аламын. Өзіміз шешім қабылдап, отбасын құрдық, тағы өзіміз шештік, екі әлем болып қалдық", – деп түсіндірді ол.

Айтуынша, Назира екеуі бірге тұра алмайтынын түсінген соң, саналы түрде екі жаққа кеткен. Араларында ұрыс-керіс болмаған. Үлкендер де жастардың шешіміне түсіністікпен қарапты.

"Жерлесім деп қарамаймын": "Жаңа толқынға" қатысқан Mezzo тобы Димаштың бет-бейнесін ашты

"Қатты қуанатыным, басқа қазақтар сияқты, оның елі мен менің елім жау болып, әйтпесе құда-құдағилар шашын жұлып, тісін егеп, қайрап, бір-бірімен ұрысқан сәттері болған жоқ. Саналы түрде қосылдық, саналы түрде екі әлемді таңдадық. 

Бізде у-ду, айғай-шу болған жоқ. Қарғап-сілеу деген болған жоқ.
Бұл тақырыптың жабылғанына 17 жылдай болды. Сен қазір қозғап отырсың. Әйтпесе менің өмірімдегі бұл деректі көп адамдар білмейді де", – деп ағынан жарылды өнер иесі.

Айта кетейік, Нұрлан Албанның екінші некесінен екі ұл және бір қызы өсіп келеді. Әнші осы сұхбатында марқұм анасына қатысты естеліктерімен бөлісіп, аналарды тірі кезінде қадірлеуге шақырған еді.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: