Ғалымдар смартфондардың жаңа пандемияға әкелетінін айтты

alymdar smartfondardyң zhaңa pandemijaғa әkeletinin ajtty 370c039

Австралияның Квинсленд қаласындағы Бонд университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу ұялы телефондар қауіпті патогендер – бактериялар мен вирустарға толы екенін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Ғалымдар смартфондардың жаңа пандемияға әкелетінін айтты

Сондықтан ауру жұқтырмас үшін телефонды да дезинфекциялау қажет. 

Университеттің молекулярлық биология кафедрасының доценті Лотти Таджури зерттеу аясында 165 медицина қызметкерінің ұялы телефонын тексерді. Ол дәрігерлер операция алдында да қолымен телефон ұстайтынын көргеннен кейін осындай зерттеу жүргізуге бел буған.

"Біз тексерген ұялы телефондар бактерияларға, вирустарға, тіпті паразиттерге толы болды", – деді доктор Таджури.

Сондай-ақ, ғалым 52 проценті телефонды ванна бөлмесінде, ал 57 проценті ешқашан гаджеттерін жумағанын анықтады.

  • Ғалымдар адамның коронавирус жұқтырғанын 30 минутта анықтайтын құрылғы ойлап тапты
  • Невролог маман: COVID-19 адамның ақыл-ойына зақым келтіреді

Таджуридің пікірінше, ұялы телефонға "үшінші қол" ретінде қарап, оны міндетті түрде дезинфекциялап немесе жуып отыру керек.

"Біз жануарлардың да, өсімдіктердің де патогенін таптық. Сондықтан қауіпсіздік жайлы ойланыңыз", – деді ол.

Таджури денсаулық сақтау шенеуніктерін жаңа індет басталмай тұрып,  университет зерттеуіне назар аударуды сұрады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: