«Жыл жаңалығы»: Иманбек Ресейлік GQ журналының жүлдесін жеңіп алды

zhyl zhaңalyғy imanbek resejlik gq zhurnalynyң zhүldesin zheңip aldy 932201c

Иманбек Зейкенов Ресейлік GQ журналының "2021 жылғы ерлер" жүлдесінің "Жыл жаңалығы" аталымын жеңіп алды. Музыкант жүлдесімен түскен суретін өзінің сторисінде жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

"Жыл жаңалығы": Иманбек Ресейлік GQ журналының жүлдесін жеңіп алды

GQ журналы биылғы жеңімпаздар тізімін жариялады. Онда Қазақстаннан шыққан тұңғыш "Грэмми" сыйлығының иесі, музыкант Иманбек жайлы: 

"Grammy сыйлығы, аудиоплатформалардағы миллиардтаған тыңдалым мен әлемдік музыкалық лейблдар мен компаниялармен келісімшарттар. 

Халықты талантымен таңғалдырған "Қойшы бала" туралы не білеміз?

Рэпер SAINt JHN-нің Roses трегіне ремикс жасаған қазақстандық жас диджей мен продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл тек бастамасы деп сенеміз", – деп жазылған.

Осы санатта ресейлік Федор Федотов, Владимир Онохов, Soda Luv пен Евгений Сангаджиев марапатталған.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: