Қазақстанда жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі

azaқstanda zhәrdemaқynyң zhaңa tүri engiziledi 6506f00

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі. Сондай-ақ, енді жұмыс орнында жарақат алып мүгедек болғандар мемлекет есебінен емделеді, бірақ барлық жағдайда емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанда жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі

“Бүгінгі күні жұмыс беруші жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда олардың міндеттемесін мемлекет өзіне алады. Бұл ретте айта кететін мәселе, кәсіпорын қызметі тоқтап тұрған кезеңде немесе банкроттық рәсімдеу жүргізу кезінде мүгедек адамдар оңалту техникалық құралдарын алу мүмкіндігінен айырылған”, – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов. 

Қазір еліміздегі 1-топтағы 66 мың мүгедектің әрбір үшіншісі күтімі бойынша жәрдемақымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтылмаған. Енді ол олқылық түзетіледі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға күтім жасайтындарға жаңа жәрдемақы түрін енгізу қарастырылды. Оларға ең төменгі күнкөріс деңгейінде ақы төленеді. Баланың мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуы бойынша алатын жәрдемақысын да енді бір мезгілде тағайындауға болады.

Мүгедек баласы кәмелетке толған отбасыларға тұрғын үй кезегіне қайта тұруға рұқсат беріліп отыр. Осындай өзгерістер енгізілген заң жобасын бүгін Сенат бірінші оқылымда мақұлдап берді.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: