Маңғыстауда шұңқырға түсіп кеткен ақбөкендер құтқарылды (видео)

maңғystauda shұңқyrғa tүsip ketken aқbөkender құtқaryldy video 7bad266

Ақбөкендер үйірі қазылған орға түсіп кетіп, шыға алмай жанталасып жатқаны бейнеленген бейнежазба 15 қыркүйек күні пайда болды. Шошынған киіктерді шұңқырдан шығаруға аймақ тұрғындары жәрдемдесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі InAktay порталына сілтеме жасап.

Маңғыстауда шұңқырға түсіп кеткен ақбөкендер құтқарылды (видео)

Жол техникасының көмегімен олар ордың бір жағын тегістеп, жануарлардың шығып кетуіне жағдай жасаған. Құрсаудан шыққан ақбөкендер тез арада жазық далаға жүгіре кетті.

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от АКТАУИНФО (@aktauinfo)

Айта кетейік, киіктер Халықаралық Қызыл кітапқа жойылып кету қаупі төнген түрлердің тізіміне енгізілген. Қазақстанда бұл жануарлар мемлекет қорғауында.

Қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығының мәліметінше, 2019 жылғы авиациялық зерттеу Қазақстандағы киіктердің жалпы саны 334 400-ге жеткенін көрсеткен. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: