Қазақстанның батысында болған сұмдық жол апатынан 5 адам ажал құшып, 4 бала зардап шекті

azaқstannyң batysynda bolғan sұmdyқ zhol apatynan 5 adam azhal құshyp 4 bala zardap shekti 525c9b5

Қорқынышты жол апаты Маңғыстау облысындағы Қарақиян ауданының тас жолында Жетібай ауылы бағытында болған. Бес ересек адам апат орнында қайтыс болды, оның ішінде жүкті әйел бар. Әртүрлі жарақаттар алған алған тағы төрт бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның батысында болған сұмдық жол апатынан 5 адам ажал құшып, 4 бала зардап шекті

Қайғылы оқиға 15 қыркүйектен 16 қыркүйекке қараған түні болған. 27 жастағы қыз рөлінде болған Lexus LX 470 көлігі аударылып кеткен. Жөл-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, 55 жастағы және жүктіліктің 27 аптасындағы 31 жасар әйел қаза болды. Бұдан бөлек, жол апатынан 1964 және 1967 жылы туған екі ер адам қайтыс болды.

"Жол апатынан барлығы 9 адам зардап шеккен. 5 ересек адам оқиға орнында жан тапсырды", – деп түсіндірді Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасында.

2011, 2012 және 2019 жылы туған үш бала жедел жәрдем көлігін күтпей, жолдағы көліктердің көмегімен Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді.

Дәрігерлер екі баланың жағдайын тұрақты ауыр, ал үшіншісін орташа ауыр деп бағалайды. 2013 жылы туған тағы бір кәмелеттік жасқа толмаған баланы өтіп бара жатқан автокөлік Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізді. Қазір бала жансақтау бөлімінде. Оның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Ол қатты ми жарақатын алған. 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: